×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Жетісу облысында сібір жарасы қорымына жақын жерлер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында сібір жарасы қорымына жақын жерлер мемлекетке қайтарылды
Фото: АШМ

Жетісу облысында бірнеше гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жетісу облысының экологиялық прокуратурасының ұсынуы негізінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жетісу облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданындағы күйдіргі қорымдарына жақын жерде кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан жер пайдаланушыға қатысты сотқа талап арыз берді.

Талап арызда жалпы ауданы 14,6 гектар жер учаскесін жалға алу шартын жарамсыз деп тану, жер пайдаланушыдан бүлінген жерлерді жобалық негізде қалпына келтіруді қамтамасыз ету және уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын тіркеуді жою туралы талаптар қойылды.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімімен жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.