×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Қазақстанның төрт облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

Қазақстанның төрт облысында жол қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Мерей Қайнарұлы

Ауа райына байланысты Қазақстанның төрт облысында жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап. 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы – Ташкент-Термез" автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша-бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр. 8 қаңтарда сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

7 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы – Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысы шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін)көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған. Облыста жол 8 қаңтарда сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

7 қантарда сағат 19:00-де республикалық маңызы бар “Қызылорда-Жезқазған” автожолының 12-216 шақырым аралығында (Қызылорда қаласынаң - Ұлытау обласының шекарасына дейін)   көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

 Жолды 2025 жылғы 8 қаңтарда сағат 08:00-да ашу жоспарланған. 

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

7 қаңтарда сағат 19:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеде (Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады. 

Жолды 8 қаңтарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.