×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

"Қазақстандағы АЭС саны үшеу болуы да мүмкін" – Тоқаев

08.01.2025, 19:30
"Қазақстандағы АЭС саны үшеу болуы да мүмкін" – Тоқаев
Ulysmedia коллажы

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Жобалық кеңсенің қызметімен танысу барысында атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай жетістікке жету үшін Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек екенін атап өтті.

– Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

 Еске сала кетсек, жуырда Франция Қазақстанға атом электр станциясын салуға дайын екенін мәлімдеді. 

Ал «Атом улаған дала» кітабының авторы, саясаттану ғылымдарының докторы, ядролық қауіпсіздік жөніндегі маман, Олбани университетінің (SUNY-Albany) Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова Қазақстанның АЭС салуда «Росатомды» серіктес ретінде таңдаса – қазіргі уақыт ең қолайсыз кезең деп есептейді. Бұл пікірді ол Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында айтты.