×
524.75
540.6
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.75
540.6
5.12

Тағы да ұшақ апаты: Бразилиядағы жағажайда лайнер жанып кетті

Бүгін, 08:12
Тағы да ұшақ апаты: Бразилиядағы жағажайда лайнер жанып кетті
скриншот

Бразилияның оңтүстігіндегі Убатуба қаласында қайғылы оқиға болды. Cessna Citation бизнес-реактивті ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жағажайға құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бортта бес адам, бір отбасының анасы, әкесі және екі баласы болған әрі олар аман қалған, бірақ ұшқыш жан тапсырған. Апат кезінде жағажайда болған үш адам зардап шекті.

Ұшақ қонғаннан кейін уақытында жылдамдықты тежей алмаған, жолақтың сыртына шығып, жолды кесіп өтіп, жағажайға қарай бет алған. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрлар лайнердің қалай өртеніп, суда қалғанын көрсетеді.

Жағажайда болған куәгерлер жолаушыларға көмек көрсетіп, оларды эвакуациялауға көмектесті. Зардап шеккендердің барлығы, соның ішінде жағажайда болған үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Бизнес-реактивті ұшақ 2008 жылы шығарылған. Бразилияның авиациялық тізілімінің мәліметтері бойынша қалыпты ұшу жарамдылығы жағдайында болған. 2020 жылы әуе кемесін бразилиялық кәсіпкер сатып алған.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

2024 жылдың 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.

28 желтоқсан күні Путин Әлиевке қоңырау шалып, қайғылы оқиғаның ресейлік әуе кеңістігінде болғанына өкініш білдіріп, кешірім сұраған. Әңгіме барысында Путин Әлиевке Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғағанын айтқан. 

29 желтоқсан күні Әзербайжан мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында Әлиев апаттың басты себебін айтты. Осы сұхбат барысында Әлиев Ресей Әзербайжан халқынан кешірім сұрап, өз кінәсін мойындап, өтемақы төлеуі керектігін айтқан еді.