×
524.75
540.6
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.75
540.6
5.12

Шетел уағызшыларының дәрісін таратқан: ІІМ радикалдар ұсталғанын хабарлады

Бүгін, 20:55
Шетел уағызшыларының дәрісін таратқан: ІІМ радикалдар ұсталғанын хабарлады
Скриншот

Жамбыл облысында прокуратураның үйлестіруімен полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес қызметі ҰҚК-мен бірлесіп, діни радикалдар тобының 11 мүшесін ұстады, деп хабарлайды Ulysmaediа.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ НЕ ДЕЙДІ

Полицияның хабарлауынша, олар әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлайтын, өз діндестерінің үстемдігі мен өзге сенімдегілердің төмендігін насихаттайтын аудио және видеоматериалдарды, соның ішінде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін таратқан. Аталған материалдардың кейбірі бұрын сот шешімімен діни алауыздықты қоздыратын ақпарат ретінде танылып, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған.

Тұрғылықты жерлерін тінту барысында түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар тәркіленген.

САРАПТАМА

Сараптама нәтижесінде осы материалдардан діни алауыздықты насихаттау белгілері анықталған. Топтың жетекшілері мен белсенді мүшелерінің төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, қалғандары қылмыстың куәгерлері ретінде кінәлсін мойындаған.

Топ болып қасақана діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.