×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

2022 жылы туристер үшін ең қауіпті елдер аталды

20.12.2021, 23:32
Фото: ашық дереккөз

Сарапшылар әлемдегі ең қауіпті және қауіпсіз елдердің рейтингін жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

tourprom.ru-ның мәліметінше, International SOS компаниясы аса қатерлі ел ретінде Ауғанстанды атады. Онда «мемлекеттік бақылау және құқық тәртібі» тіркелген. Одан кейінгі қауіпті елдер тізімінде: Сирия, Ливия, ОАР және Ирак кіреді.

Рейтингті жасау кезінде елдегі пандемиялық қауіптер, денсаулық сақтаудың жағдайы, саяси жағдай, әлеуметтік толқулар мен ұсақ қылмыстар ескерілді.

Ең қауіпсіз ел деп Норвегия, одан кейін Финляндия, Швейцария, Дания және Люксембург аталды.

«2022 жылы пандемия салдарынан болған мәселелер шешімін таба бастайды. 2023 жылға қарай жағдай тұрақтана бастайды», - дейді сарапшылар.

Серіктес жаңалықтары