×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Әйелі көп табыс тапқан ер адамдар психикалық ауруға душар бола түседі – зерттеу

Бүгін, 08:14
Әйелі көп табыс тапқан ер адамдар психикалық ауруға душар бола түседі – зерттеу
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Дарем университеті ғалымдарының жаңа зерттеуі әйелдері көбірек ақша тапса, ер адамдардың психикалық денсаулығы нашарлай түсетінін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗЕРТТЕУ ҚАЙ ЕЛДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Осындай табыс динамикасы әйелдерге де теріс әсер етеді, өйткені бұл олардың мазасыз күйге түсуін жиілетеді.

Ғалымдар гендерлік теңдік деңгейі дәстүрлі түрде жоғары Швециядағы ерлі-зайыптыларға талдау жасаған. Олар әйелдері көп табыс табатын ер адамдарда психикалық бұзылыстың даму қаупі 8-ден 11% артқанын анықтады. Көп жағдайда мұндай ер адамдар психобелсенді дәрі-дәрмекті ішкен.

Әйелдерде бұл жағдай эмоционалды шиеленісті туғызады, бірақ бұл мазасыз күйге түсу, стресс түрінде көрінеді.

ТАПТАУРЫН ТҮСІНІКТІҢ ҚЫСЫМЫ

Кейінгі 20 жылда Швеция мен АҚШ сияқты гендерлік теңдік деңгейі жоғары елдерде әйелі көбірек табыс табатын отбасылар саны 25% өскен. Алайда тіпті осындай қоғамдарда да ер адамдар "негізгі асыраушы сіз болуыңыз керек" деген, бұрыннан қалыптасқан таптаурын түсініктің қысымына түседі.

Зерттеудің жетекші авторы Демид Гетик қоғамдық үміттер ер азаматтардың өзін-өзі бағалауы мен эмоционалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететінін айтады.

Әйелдері көбірек ақша табатын жағдайға тап болған ер адамдар оны отбасындағы рөліне қауіп ретінде қабылдауы ғажап емес. Бұл оларға сенімсіздік, тіпті депрессия сезімін тудыруы мүмкін.