×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Павлодар облысында жол сапасын бақыламаған бес шенеунік жазаланды

Павлодар облысында жол сапасын бақыламаған бес шенеунік жазаланды
Ulysmedia.kz коллажы

Павлодар облысында жол сапасын бақыламаған шенеуніктерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕКСЕРІС

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде әкімшілік полиция қызметкерлері екі мың шақырымға жуық автожолды тексерді. Нәтижесінде 51 ақау анықталды, олар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 35 ұйғарым берілді.

5 ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНДЫ

Жолдарда жұмыстарды жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына айыппұл салынды. Бұдан басқа, анықталған ақауларды жою қажет.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңір жолдарындағы жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ

Еске салайық, бұған дейін жол жөндеу саласындағы жемқорлық схемалары туралы жазған едік. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дерегінше, соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалған, бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда.

ЖЕМҚОРЛЫҚ СХЕМАЛАРЫ

Жыл басынан бері ғана Агенттік осы салада 24 қылмыстық істі тіркеген. Сондай-ақ келісімшарттар көбінесе тәжірибесі мен ресурстары жоқ мердігерлермен, бір көзден немесе картельдік келісім шарттарымен жасалады. Қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту ешкімнің бақылауында емес.