×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Қазақстанда қытай тілін үйренгісі келетіндер көбейіп келеді

Қазақстанда қытай тілін үйренгісі келетіндер көбейіп келеді
Ulysmedia коллажы

EF Education First зерттеулеріне сәйкес, қазақстандықтар шетелде жұмысқа орналасуға, оқуға және іскерлік байланыстарға жол ашатын шет тілдерін көбірек үйрене бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ағылшын тілі ең танымал тіл болып қала бергенімен, тіл үйренуде бәсеке артып жатыр: орыс, қытай, түрік және араб тілдері де сұранысқа ие бола бастаған. 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

  • 12–17 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 77%-ы шетелдің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін және шетелде табысты жұмыс істеу үшін ағылшын тілін белсенді түрде үйреніп жүр
  • 18–25 жас аралығындағы студенттер арасында ағылшын тілі 62% сұраныспен көш бастап тұр.

ҚЫТАЙ ТІЛІ

Мектеп оқушыларының қытай тіліне деген қызығушылығы кейінгі жылдары 3 пайыздан 12 пайызға дейін өскен. 

Оның бірнеше себебі бар:

  • Қытаймен экономикалық ынтымақтастық
  • Жұмыс және іскерлік серіктестік мүмкіндіктері
  • Елдің мәдениеті мен тарихына деген құштарлық.

ТҮРІК ТІЛІ

Жастар Түркияда қолжетімді жоғары білімнің болашағы барын көріп, түрік тілін таңдай бастаған (студенттердің 15%).

АРАБ ТІЛІ

26-35 жас аралығындағы әрбір сегізінші қазақстандықтың таңдауы араб тіліне түскен (12%).