Алматыдағы мектептердің бірінде санитарлық талаптар бұзылған болуы мүмкін. Алматылық тұрғын мектептердің бірінде түсірілген видеоны Тиктокқа жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЕЛІНІ ШУЛАТҚАН ВИДЕО
Желіде тараған видеода алматылық тұрғын аспаздардың қалдықты қайтадан салып жатқанын көрсетеді.
2025 жыл, 9 қаңтар. Аспаз қалдықтарды қайтадан жинап жатыр, дейді кадр сыртындағы әйел.
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАУАБЫ
Видеоға қатысты Алматы қаласының Білім басқармасын пікір білдірді. Оқиға қаладағы №67 мектепте болған.
Тамақтану сапасына қатысты ақпараттың таралуына байланысты Басқарма бейнежазбада баяндалған барлық мән-жайларды зерделеу және анықтау үшін тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық топтың жұмыс комиссиясы сол жерге кеткенін хабарлайды. Барлық мектепте бракераждық комиссиялар құрылды, оның құрамына мектеп әкімшілігінің өкілдері, әлеуметтік педагог, медицина қызметкері және ата-аналар қоғамының мүшелері кіреді. Берілетін тағамдардың сапасын тексеруді бракераждық комиссиясы айына екі рет, ал мектептің медицина қызметкері күн сайын жүргізеді.
Басқарма өкілдері ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» 65-тармағына сәйкес тамақ қалдықтары шығуға жақын орналасқан мектеп асханасының қосалқы нысанындағы арнайы орында жинақталуы тиіс екенін атап өтті.