×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

Еуродаққа қадам басқан Армения ЕАЭО-дан шыға ма

13.01.2025, 14:59
Еуродаққа қадам басқан Армения ЕАЭО-дан шыға ма
dreamstime.com

Армения экономика министрі Геворг Папоян Еуропалық одаққа (ЕО) кіру туралы заң жобасына қарамастан, ел Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) шықпайтынын мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Экономика министрі баспасөз конференциясын өткізіп, ЕАЭО-дан шығу тақырыбын қозғады.

Біз ЕАЭО-ны басқа ештеңемен алмастыруды жоспарламаймыз. Біздің мақсатымыз — тәуелсіз болу, яғни біз тек бір елге тәуелді болмай, бәрімен өзара тәуелді қарым-қатынас орнатуымыз керек, - деп атап өтті Папоян.

Армения министрі ЕАЭО-мен ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға, сонымен бірге басқа халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

ЕУРОДАҚҚА ҚАДАМ

Армения үкіметі елдің Еуропалық Одаққа кіруін бастау туралы заң жобасын мақұлдаған еді. Заң жобасын таныстырған Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Еуропалық Одақ бірнеше рет армян демократиясын қолдағанын, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысқанын және елдің экономикалық тұрақтылығын қолдауға уәде бергенін атап өтті.