×
530.24
543.97
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.24
543.97
5.16

Астанада жолаушы ұшақта бомба бар деп айғайлап, бортсерікке шабуыл жасаған

Астанада жолаушы ұшақта бомба бар деп айғайлап, бортсерікке шабуыл жасаған
Ашық дереккөзден

Астана – Өскемен бағыты бойынша ұшпақ болған ұшақтың жолаушысы бортсерікті ұрып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 13 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Астана – Өскемен бағыты бойынша рейсін орындау кезінде болған. Ұшақты ұшуға дайындауы барысында жолаушы бортсерікті жолаушыларды санау кезінде өтіп бара жатқан сәтте кенеттен ішінен ұрып жіберді. Бұл ретте, бұған дейінгі отырғызу кезінде жолаушы тарапынан қандай да бір деструктивті мінез-құлқы байқалмаған. 

БОМБА БАР ДЕП ХАБАРЛАҒАН

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен компанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары шақырылды. Құжаттарды тексеру барысында деструктивті жолаушы бомба бар екенін де мәлімдеді. Осыдан кейін әуежайдың кинологиялық қызметі шақырылып, барлық жолаушылар ұшақтан шығарылды. Сондай-ақ, бортсеріктің жағдайын тексеруден өткізу үшін әуежайдың медициналық қызметі шақырылды.  

Әуе кемесіне жедел түрде мұқият тексеріс жүргізілді, нәтижесінде жарылғыш немесе басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.  

Әуекомпания борттағы құқық бұзушыларға қатысты төзімділік танытпау саясатын ұстана отырып, деструктивті жолаушыға қатысты қатаң шаралар қабылдайды.

“Бортта деструктивті мінез-құлық көрсетуге және ережелерді бұзуға мүлдем жол берілмейтінін және бұл заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз” дейді компания өкілдері.   

ПОЛИЦИЯ

Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, бұзақылық және терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.