×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

Таиландтан пошта арқылы "сәлемдеме" алдырған астаналық 8 жылға сотталды

Таиландтан пошта арқылы "сәлемдеме" алдырған астаналық 8 жылға сотталды
ulysmedia.kz коллажы

Таиландтан пошта арқылы "сәлемдеме" алдырған астаналық 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты электронды ақпараттық ресурсты пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау (ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 5) тармақтары), сондай-ақ алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі затын заңсыз өткізуге көмектесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 286-бабы 2-бөлігінің 4, 5) тармақтары) фактілері бойынша Б.-ға қатысты істі қарады.

АЙЫПТАУДЫҢ МӘНІ

Сотталушы Б. – кәмелетке толмаған колледж студенті,  ол Telegram мессенджеріндегі «В» аккаунтын пайдаланушымен келісім бойынша тыйым салынған заттарды сақтайтын «қоймаға» жұмысқа орналасқан.

Аккаунт пайдаланушысы Б.-ның жеке деректерін пайдалана отырып, Таиланд Корольдігінен халықаралық пошта арқылы Қазақстан Республикасына 998г. есірткі заты – марихуананы (кептірілген) жіберген. 2024 жылғы 6 тамызда Б. «Қазпочта» АҚ филиалынан есірткі заты бар жөнелтілімді алған, яғни есірткі затын заңсыз иемденген. Одан кейін есірткі затын сату және дозаға орау мақсатында заңсыз сақтау үшін пәтер жалдаған.

Сол күні Б.-ның үйін тінту барысында 998 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Сотталушының кінәсі үйді тінту хаттамасымен, куәгерлер мен пошта қызметкерлерінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және Telegram аккаунтының пайдаланушысымен хат алмасу ақпараттарымен дәлелденді.

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Прокурор 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

ЖАЗА

ҚК 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК 286-бабы 2-бөлігінің санкциясы мүлкi тәркiленiп, 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК 81-бабының 7-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру – 10 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.

Сот шын жүректен өкінуін және сотталушының кәмелетке толмағанын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.  Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот жаза тағайындау кезінде жасалған аса ауыр және ауыр қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескерді.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен Б. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1,5) тармақтарында және ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 286-бабы 2-бөлігінің 4, 5) тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.