×
530.24
543.97
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.24
543.97
5.16

Жітіқарада бес баласы өртеніп кеткен ана сотталып кетті

Жітіқарада бес баласы өртеніп кеткен ана сотталып кетті
sputnik-ossetia.ru

Жітіқарада бес баласы өртеніп кеткен ана сотталып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС 

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында ҚК 292-бабының 3-бөлігімен (абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

СОТТА АНЫҚТАЛҒАНЫ

Сотталушы балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пеш жағу керегін айтқан. 

Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағып, пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Салдарынан пештегі жалын жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.  

ДӘЛЕЛДЕР

Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. 
 
ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі (аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) сотталушының асырауында жас баласы болына орай бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініп, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді. 

СОТ ШЕШІМІ

ҚК 292-бабы 3-бөлігінің санкциясы баламасыз жазаны – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.  ҚК-нің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес жоғарыда аталған қылмыс абайсызда жасалған орташа ауыр қылмыстар санатына жатады. 

Жазаны жеңілдететін жағдай - бұл шын жүректен өкінуі және жас баласының болуы, ауырлататын жайт анықталмаған. 

ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігіне сәйкес жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза мерзімі ҚК-нің бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 1/2-нен аспауға тиіс. 

Осыған байланысты сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.