×
529.99
546.63
5.21
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.99
546.63
5.21

Алматы әкімдігі феминистерге митинг өткізуге тағы рұқсат бермей қойды

Алматы әкімдігі феминистерге митинг өткізуге тағы рұқсат бермей қойды
KazFem

Алматы әкімдігі 8 наурызда феминистердің митингін өткізуге тағы да рұқсат бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Митингті ұйымдастырушылардың мәліметінше, олар өткен дүйсенбі күні 8 наурызда шеру өткізетіні туралы хабарлама жолдаған.

- Біз Алматы әкімдігіне 8 наурызда митинг өткізу туралы хабарлама мен шеру ұйымдастыруға өтініш жібердік. 15 қаңтарда митинг өткізуге болмайтыны туралы жауап алдық. Себеп – «қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупі». Біз берілмейміз және әкімдіктің бұл шешіміне шағым түсіруді жоспарлап отырмыз. Шеруге қатысты әлі жауап жоқ, – делінген жарияланымда.

8 НАУРЫЗДАҒЫ МИТИНГТЕР:

2023 жылдың 8 наурызында Алматыдағы Ганди саябағында феминисттер митингі өтіп, оған кем дегенде 500 адам қатысты.

Митинг Алматы әкімдігімен келісілген болатын. Бастапқыда феминистер 2022 жылғыдай шеру ұйымдастыруды жоспарлаған. Алайда билік оған рұқсат берілмеді.

Қыздар мен жігіттер митингке плакаттар мен ұрандар ұстап келді. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды, зорлықшыларға жазаны қатайту мен әйелдер құқығын сақтауды талап етті.

2022 жылдың желтоқсанында Алматы әкімдігі 8 наурызда әйелдер шеруін өткізуге белсенділерге рұқсат бермеді. Билік себеп ретінде «Волонтерлер лигасының» іс-шараларын көрсетті. Қазақстанда 8 наурызда әйелдер құқығы үшін шерулер мен митингтер 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.