×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауады: 18 қаңтардағы ауа райы болжамы

Бүгін, 08:46
Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауады: 18 қаңтардағы ауа райы болжамы
Жасанды интеллект / Ulysmedia

"Қазгидромет" сенбі, 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада құбылмалы бұлтты, қар жауады, жел 5-10, екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -6...-8°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, 9-14 жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, қар жауады, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -4...-6°C.

Атырауда күн бұлтты, қар жауады, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -4...-6°C.

Қарағандыда күн бұлтты, қар жауады, жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз -4...-6°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -7...-9°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз 0…-2°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -10...-12°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, ылғалды қар, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +1...+3°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -5...-7°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -11...-13°C.

Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -2...-4°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз +4...+6°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, қар араласқан жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +2…+4°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +3...+5°C.

Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз -1...-3°C.

Өскеменде күн бұлтты, қар жауады, жел 7-12, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C.