QazNews24 сатиралық паблигінің иесі Темірлан Еңсебектің ұсталуының ықтимал себебі аталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЛАЙ БОЛДЫ
Бір күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын.
Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
БАСТЫ СЕБЕП
Журналист Әсем Жәпішева QazNews24 паблигінің иесі ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туралы жазбасы үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы Еңсебектің досы, белсенді Дархан Шәріп те айтты.
Оның айтуынша, бұл жарияланым Тина Канделакидің Қазақстан туралы даулы мәлімдемесіне қатысты реакция болған.
– Тиманы әнге байланысты жауапқа тартпақшы шығар. Тина Канделакидің Қазақстандағы теміржол вокзалдарының атауын қазақшаға өзгерткеніне қатты ашуланғаны естеріңізде ме? Сол кезде қоғамда үлкен наразылық туып, Тим қазақстандық рэперлердің Тина Канделакиге жауап бергені туралы сатиралық жарияланым шығарған. Осы пост негізінде оған айып тағылуы мүмкін, - деп түсіндірді ол.
Айта кетерлігі, жарияланым «Йоу, орыстар» деген намысқа тиетін әнмен сүйемелденіп, оны орындағаны үшін бұған дейін тағы бір алматылық белсенді Мария Кочнева әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Еске сала кетсек, 2021 жылдың мамыр айында полиция Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша күдікті ретінде тергеу амалдарын жүргізген болатын.
Автор оның қоғамдық парақшасы өзін «сатиралық ақпарат агенттігі» ретінде көрсететінін атап өтті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері QazNews24 сатиралық паблигінңң авторы Темірлан Еңсебектің үйіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Полиция сатиралық QazNews24 паблигінің авторы ұсталғанын растады.