Тегеранда Иранның Жоғарғы соты ғимаратының жанында атыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Иранның IRNA ақпарат агенттігі хабарлады.
“Атыс кезінде екі судья қаза тауып, біреуі жараланды. Билік бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп санап отыр”, деп жазды IRNA.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске сала кетсек, Иранда хиджабқа қатысты қатаң заң енгізіліп жатқанын хабарлағанбыз.
Дегенмен Иран билігі қоғамдық қарсылықтан кейін хиджаб мәселесінде аяқ тартқан еді.