×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

Робот көмегімен қозғалады: Ербаян Мұхтар Түркияда емін жалғастыруда

Бүгін, 18:53
Робот көмегімен қозғалады: Ербаян Мұхтар Түркияда емін жалғастыруда
@inga_imanbay

Құқық қорғаушы және заңгер Инга Иманбай өткен жылы әскер қатарында жарақат алып, жарты жылдан астам комада жатқан Ұлттық ұланның бұрынғы сарбазы Ербаян Мұхтардың жағдайын көпшілікке жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

И.Иманбай достар мен тілектестерден соңғы уақытта “Ербаянның жағдайы қалай? Емі қалай өтіп жатыр?” деген сұрақтар көптеп түсіп жатқанына байланысты әлеуметтік желіде Ербаянның қазіргі жағдайы жайлы пост қалдырды. Құқық қорғаушы Ербаянның қазір Стамбұлда емделуін жалғастырып жатқанын және оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады.

Құқық қорғаушының айтуынша, бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан. Оның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер байқалған.

 – Катетері мен мұрнындағы зонд алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Емі Стамбұлда жалғасып жатыр, Иманбайдың жазбасында.

Сондай-ақ адвокат Ербаянға жігер, ата-анасы мен жақындарына сабыр тілеп, қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс білдірді.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынғанын жазған едік.