×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарашөкеев Қытайға бидайды көбірек өткізуге үміттеніп отыр

21.09.2021, 08:45
Қарашөкеев Қытайға бидайды көбірек өткізуге үміттеніп отыр
Фото: Ашық дереккөздерден

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл елде өндірілетін бидай қай елдерге экспортталатынын айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Үкіметте сөз сөйлеген министр дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға жеке тоқталды. Айтуынша, биыл дәнді дақылдар 15,9 млн га алқаптан жиналады.

«Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес өнімділік гектарынан 10,1 центнер болғанда дәнді дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 16 млн тоннаны құрайды.Өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескергенде дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», - деді ол.

Қарашөкеевтің сөзіне сенсек, жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстан нарықтарына жөнелтіледі.

«Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі артуы мүмкін», - дейді министр.

Айта кетсек биыл Қазақстан шет елдерге 6-6,5 млн тонна бидайды экспорттауды көздеуде.