×
529.99
546.63
5.21
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.99
546.63
5.21

Пикет және заң: Бикетов пен Жәпішеваның ұсталуы заңды ма

21.01.2025, 19:01
Пикет және заң: Бикетов пен Жәпішеваның ұсталуы заңды ма

QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек ұсталғаннан кейін 17 қаңтарда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдында екі қазақстандық журналист пикетке шықты. Екеуін де полиция ұстап алып кетті. 19 қаңтарда журналист Руслан Бикетов ұсталып, 15 тәулікке қамалды. Ал 20 қаңтарда дәл сол мерзімге журналист Әсем Жәпішева қамалды. Екі пикет те  5 минутқа созылды. Ulysmedia.kz алматылық белсенділер қаншалық заңды ұсталып кеткенін анықтады. 

РҰҚСАТ БАР МА, ЖОҚ ПА 

Қазақстанда Конституцияның 32-бабына сәйкес, пикетке шығуға рұқсат берілген. Бірақ бір ескерту бар: «Бұл құқықты жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін». Осы тұрғыда заң шығару тармағы 2020 жылғы «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңмен бейбіт жиналыстар құқығын жан-жақты реттеген. Заңгер Сергей Уткин пикетке шығуды ұйымдастыруды Конституциядағы осы ескерту кедергі келтіріп отыр. 

- Заң бойынша мұндай пикетке шығу – бір азаматтың белгілі бір жерде белгілі бір уақытта халық алдында ойын жеткізуі деп белгіленген. Яғни бұл заң тұрғысында жалғыз пикетке шығу деген сөз. Заң бойынша, жалғыз пикетке шықсаң да әкімдікке алдын ала хабарлама жіберу керек. Бізде тәртіп бойынша рұқсат беруге емес, хабарландыруға негізделген, бірақ олардың мәні бір, себебі әкімдік хабарламаны бес жұмыс күні бойы қарастырады, нәтижесінде не “иә, пикет өткізіңідер”, не “басқа жерде өткізіңіздер” деген жауап келеді. Бірақ заң бойынша хабарлама міндетті түрде бес жұмыс күнінің ішінде қарастырылады. Сондықтан белсенділерді әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін деп ұстап әкетіп жатыр, дейді заңгер. 

Темірлан Еңсебек ұсталып кеткеннен кейін оны қолдау мақсатында 19 және 20 қаңтарда. шыққан Бикетов пен Жәпішеваның ұсталғанынан 5 жұмыс күні өткен жоқ. Сондықтан олар қалалық билікке бейбіт жиын өткізетінін хабарлап үлгерген жоқ.  

- Екеуі де хабарламағаны айдан анық. Сондықтан заң тұрғысынан құқық қорғау органдарының әрекеті дұрыс. Заң солай. Ал егер жалғыз пикетке шығуды хабарландырусыз-ақ өткізуді қаласақ, оны  биліктің заң шығарушы өкілдері қарастыруы керек, дейді Уткин. 

2024 жылдың қыркүйегінде Конституциялық сотқа қазақстандық азамат жүгініп, әкімдіктердің жіберілген хабарламаларды қарау тәртібі туралы заң нормаларын конституциялық емес деп тану туралы өтініш жасаған. Автор дауласып отырған нормалар “атқарушы органдарға шектеусіз еркіндік береді және бейбіт жиналыс өткізу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтінін” атап өтті. 

17 қазанда бұл жөнінде Конституциялық соттың отырысы өтіп, онда өтініш авторы, парламент палаталары, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, парламентаризм институттары, заңнамалық және құқықтық ақпараттың өкілдері қатысты. Бірақ отырыстың нәтижесі туралы Конституциялық соттың сайтында әлі күнге дейін ақпарат жоқ. 

Ulysmedia.kz заңгер Сергей Уткиннен осы мәселеге қатысты ойын сұрады. 

- ⁠Конституцияда бейбіт жиналыстар құқығын заң арқылы шектеуге мүмкіндік бар, бұл қайшылықты осылай түсіндірер едім. Заң шектеп қойды. Бірақ бұл шектеу Конституцияны бұзатындай шамадан тыс емес пе, оны Конституциялық сот анықтауы тиіс. Пикетке шыққандарды ұстау оқиғаларына қатысты менің ойым мынадай: Конституция бойынша пикетке шығуғы құқықтары бар, яғни ол заңды сылтауратып, ол құқықтарынан айырылмауы керек. Бірақ парламент 2020 жылы 5 жұмыс күні бұрын хабарлау нормасын қабылдап қойғандықтан, пикетке шығу құқығын едәуір шектеп тастады. Әрине, бұл шектеуді Конституциядан толығымен алып тастап, тек бейбіт жиналыстар құқығын қалдырған әлдеқайда дұрыс болар еді...