Осы жылдың басында Ресейге ақша табуға ниет білдірген Өзбекстан азаматтарының саны 2024 жылдың басымен салыстырғанда екі есе азайған. Өзбекстандықтар көбінесе Қазақстанға келе бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей көші-қон агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың басында Өзбекстаннан келген еңбек мигранттарының саны 1,2 млн адамды құраса, 2025 жылдың басында тілек білдірушілер саны 698 мыңға дейін азайған.
Дегенмен, Ресей әлі де Өзбекстаннан ең көп еңбек мигранттары бар ел болып қала береді.
Қазақстанда жұмыс істейтін өзбекстандықтардың саны 2025 жылдың басында 196,8 мыңнан 322,7 мыңға дейін көбейген.