Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Саран қаласы дүкендерінің бірінде ұрының сатушы әйелге жасаған шабуылы түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бақылау камерасы капюшон киген ер адамның сатушы тұратын орынға өтіп бара жатқанын, содан кейін кадрда екеуі арпалысып, әйел ұрымен қатты күресіп жатқанын тіркеген.
Олар камераның көзінен бірнеше секундтан кейін жоғалады. Әйел қарсыласуды жалғастырады, ер адамның қолында пышақ бар, ол оған пышағымен сермей бастайды. Содан кейін қарақшы ақшаны алып, дүкеннен кетеді.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі бейнежазбаға түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, Саран қаласында 27 жастағы тұрғынының денесі дүкеннен табылған. Аталған факті бойынша зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті адамды анықтау және ұстауға облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыскерді іздеп жатыр.
Ескерту! Кадрда қатігездікпен жасалған қылмыс түсірілген.