Қарағанды облысының полициясы Саран қаласында дүкен сатушысын өлтірді деген айыппен күдікті ұсталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
22 қаңтар күні кешке өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. 50 жастағы ер адам қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Жан түршіктірер қылмыстың видеосы әлеуметтік желіге тараған еді. Бақылау камерасы капюшон киген ер адамның сатушы тұратын орынға өтіп бара жатқанын, содан кейін кадрда екеуі арпалысып, әйел ұрымен қатты күресіп жатқанын тіркеген. Олар камераның көзінен бірнеше секундтан кейін жоғалады. Әйел қарсыласуды жалғастырады, ер адамның қолында пышақ бар, ол оған пышағымен сермей бастайды. Содан кейін қарақшы ақшаны алып, дүкеннен кетеді.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Саран қаласында 27 жастағы тұрғынының денесі дүкеннен табылған. Аталған факті бойынша зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар қылмыстық іс қозғалған.