×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Еңсебекті қолдап пикетке шыққан тағы бір белсендіге айыппұл салынды

Еңсебекті қолдап пикетке шыққан тағы бір белсендіге айыппұл салынды
Азаттық

Qaznews24 авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдіріп, пикетке шыққан белсенді Ақторғын Ақкенжебаласына (Қайратова) сот айыппұл салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттыққа" сілтеме жасап. 

АЙЫППҰЛ

Сот 22 қаңтарда пикетке шыққан белсенді Ақторғын Ақкенжебаласына (Қайратова) 196 600 теңге айыппұл салды. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматыда Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан Ақторғын есімді белсенді ұсталған болатын. Бірнеше минуттан кейін оны полиция ұстап алып кеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Темірланды қолдап шыққан екі журналист қамауға алынды. Оның бірі – журналист Рус Бикетов, ол 15 тәулікке сотталды. Сонымен қатар, Еңсебекті қолдап, пикетке шыққан журналист Әсем Жәпішева да 15 тәулікке қамауға алынды. 

Ал 21 қаңтарда Еңсебекті қолдап, тағы екі адам пикетке шыққаны белгілі болды. 

ПИКЕТКЕ ШЫҚҚАНДАР

Oyan, Qazaqstan саяси реформа талап етуші қозғалысының белсендісі Ақмарал Жәкібай Алматыдағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында Темірлан Еңсебекті қолдауға @qaznews24 жеке пикетке шыққан. Бұл ақпарат қозғалыстың парақшасында жарияланды.

Қостанайда белсенді Сергей Зинченко «Сатира — қылмыс емес» деген жазуды күртешесіне жазып, Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан. Ол да ұсталған. Кейіннен Алматыда журналистер Әсем Жәпішева мен Руслан Бикетов Темірланға қолдау көрсетіп, жеке пикет өткізіп, 15 тәулікке қамауға алынған.

Бес күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын. Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.