×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Қарағанды облысында сұмдық жол апаты: 19 көлік бір-біріне соғылған

Қарағанды облысында сұмдық жол апаты: 19 көлік бір-біріне соғылған
Ulysmedia.kz коллажы

Қарағанды облысындағы тас жолда 19 көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург–Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды–Балқаш, 1492–1855 км) Балқаштан Қарағандыға қарай қозғалыс ашылған.

Себебі ауа райы жақсарып, жолда көліктер жиналып қалған. Қозғалыс Қарағанды облысы полициясы мен ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің алып жүруімен ұйымдастырылды.

Сағат 12:30-да осы учаскенің 1630-шы шақырымында 19 жеңіл автокөлік жаппай жол апатына түскен. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. 

СЕБЕП

Жол апатының алдын ала себебі – жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамау.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Астана маңында 95 көлік жол апатына түсіп, артынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Оқиға салдарынан 21 адам зардап шекті.

Сонымен қатар, Алматы облысында да сұмдық жол апаты болып, 18 көлік бір-біріне соғылған. 

Оқиға 15 қаңтар күні сағат 07:30 шамасында «Алматы – Өскемен» автожолының 28-шақырымында («Алматы – Қонаев» бағыты) болған. Трассада 18 көлік жол апатына түскен. Жол апаты қалың тұман кезінде болған.