×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Ауа райына байланысты қай жолдар жабылды

Ауа райына байланысты қай жолдар жабылды
Фото: Мерей Қайнарұлы

Ауа райына байланысты үш облыстағы бірнеше тас жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

23 қаңтарда сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

  • "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем ақы алу пункті-Қарағанды облысының шекарасы);
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы-Қарағанды облысының шекарасы).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

  • "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1854 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Балқаш қаласы);
  • "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласы);
  • "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы);
  • "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
  • «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығы ( Ақмола облысының шекарасы-Теміртау ақы алу пункті);
  • "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы).
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" км. 51-266 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы).

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

  • "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 433-788 шақырым аралығы (Жезқазған қаласы-Қарағанды облысының шекарасы). 

Жолдар 24 қаңтарда сағат 08:00-де ашылады деп жоспарланып отыр.