×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Батыс Қазақстан облысында екі жасөспірім қыз жүкті болып қалған

Батыс Қазақстан облысында екі жасөспірім қыз жүкті болып қалған
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылы Батыс Қазақстан облысында екі жасөспірім қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы бес жылда Батыс Қазақстан облысында 12 жасөспірім жүкті болып қалған, оның 7-і Орал қаласында тіркелген. 2024 жылы Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім қыз жүкті болса, 2025 жылы мұндай тағы екі жағдай тіркелді. Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды. 

КЕЙІНГІ БЕС ЖЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ

  • 2020 жыл – 1 жағдай;
  • 2021 жыл – 3 жағдай;
  • 2022 ж. – 3 жағдай;
  • 2023 ж. – 2 жағдай;
  • 2024 ж. – 3 жағдай тіркелген.

2023 жылдан бері 15 жастағы қыздар жүкті болып қалған қыздар. 

ДЕКРЕТ

Еске салайық, бұған дейін биыл декретте отырғандар қанша теңгеден алатынын жазған едік. 

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.