×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Үкімет Екібастұз қаласын дамытуға 1 трлн теңгеге жуық қаражат бөлмек

21.09.2021, 09:06
Фото: Ашық дереккөздерден

Үкіметтің бүгінгі отырысында Павлодар облысы Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары мақұлданды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, Екібастұз – Павлодар облысындағы ғана емес, бүкіл еліміздегі ірі индустриялық және энергетикалық орталық. Қаланың энергетика саласындағы даму әлеуеті жоғары. Кешенді жоспардағы 114 іс-шараны іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді.

«Негізгі капиталға инвестициялар бес есе ұлғаяды. 2025 жылы 737 млрд теңгені құрайды. Тұрғын үй инфрақұрылымы мен басқа да инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобалар іске асырылады. Қаланың кешенді индустриялық дамуы жоспарланған, соның ішінде, темір жол машина жасау өнімдерін өндірісі мен металлургия өнеркәсібін қарқынды дамытуға аса назар аударылады», - деді Асқар Мамин.

Энергетика саласында Екібастұз ГРЭС-2-де №3 энергия блогын салу және ГРЭС-1-де №1 энергия блогын салу көзделіп отыр. Ең бастысы, 16,5 мың жаңа  жұмыс орыны құрылып, орташа айлық жалақы 43% өседі.

«Осыған байланысты, кешенді жоспарды сапалы іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет», - деді ол.

Кешенді жоспар 114 шарадан тұрады. Ал бөлінетін жалпы сома 932 млрд теңге. Оның 64,7 млрд республикалық бюджеттен, 33,5 млрд-ы жергілікті, қалған 834,6 млрд жеке инвестиция болмақ.

Серіктес жаңалықтары