×
$
455.12
€
498.99
₽
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.12
€
498.99
₽
5.55

«Мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайын емес адамдар кетуі керек» – Бектенов

Бүгін, 14:00
«Мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайын емес адамдар кетуі керек» – Бектенов
Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұжымына компанияның жаңа басшысы Ерсайын Нағаспаевты таныстырды. Ұлттық компаниядағы жемқорлық дауына байланысты Үкімет басшысы кадр саясаты мен басшылардың жеке жауапкершілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Босаңсуға уақыт жоқ

Олжас Бектенов компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, корпоративтік тәртіпті нығайтуды тапсырды.

– Бұл – мыңдаған ұжымы және күрделі басқару жүйесі бар ірі компания. Кадр жұмысын ретке келтіріп, әр қызметкер үшін нақты міндеттерді анықтау қажет. Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек. Қызметкерлердің басым бөлігі адал және жауапты адамдар екеніне сенімдімін. Үкіметтің, салалық министрліктің және "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыруға әлеуеттеріңіз жеткілікті. Босаңсуға уақыт жоқ, қарқынды жұмысқа дереу кірісу қажет, – деді премьер-министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚТЖ қызметкерлерінің басым бөлігі өз міндетін адал атқарып жүргеніне сенім білдірді.

Жаңа басшылыққа қандай міндеттер жүктелді?

Жыл соңына дейін «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» теміржол учаскелерінің құрылысын аяқтау қажет. Ал келесі жылы «Бақты – Аягөз» бағыты іске қосылуға тиіс. Бұл бағыттардың уақытылы пайдалануға берілуі елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ премьер-министр ҚТЖ-ның жаңа басшылығынан жүк тасымалын цифрландыру жұмысын жандандыруды күтетінін айтты. Бұдан бөлек, теңіз көлігі инфрақұрылымын дамыту және инвестормен бірлесіп, Alatau Air Cargo жүк әуе компаниясының жұмысын жолға қою міндеті тұр.

Еске салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты. Көп ұзамай оның ҚТЖ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Бұған дейін ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы Елжас Отынышиев пен «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұсталған еді.

Сізге қызық болуы мүмкін