Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған бағдарлық баяндамасында Қазақстанның мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің, ахун-ишандардың есімі берілетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАС МҮФТИ НЕ ДЕЙДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімін мешіттерге береміз, – деді ҚМДБ төрағасы.
ҚАНША МЕШІТ БАР
Қазақстанда жалпы үш мыңға жуық мешіт бар. Оның 2/3 оңтүстікте орналасқан. Мешіт саны ең көп облыс Түркістан, ең азы Қостанай облысында. М Астана қаласында 13 ақ мешіт болғанымен сыйымдылығы жоғары. Еліміздегі ең ірі бірқатар мешіт осында орналасқан.
Қазақстандағы ең ірі 5 мешіттің үшеуі Астана қаласында. Бұлар: