×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Өнеркәсіп министрі Шарлапаевқа тағы бір қызмет бұйырды

25.01.2025, 14:20
Өнеркәсіп министрі Шарлапаевқа тағы бір қызмет бұйырды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан Регби федерациясын Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев басқаратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта 25 қаңтарда Қанат Шарлапаевтың QAZAQSTAN RUGBY заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып сайланғаны айтылды.

Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр”, делінген ақпаратта.

Айта кетерлігі, Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп жүр. Ерлер мен жастар құрамалары белсенді дамып келеді.

КЕРЕК ДЕРЕК

Еске сала кетсек, Қанат Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйегінде Индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Шарлапаевтың бұған дейін Ресей азаматтығы болғаны белгілі. 2022 жылдың күзінде Қанат Шарлапаев туғанынан алған Ресей азаматтығынан бас тарту туралы арыз берген. Шарлапаевтың 2017 жылы Мәскеуде туған қызы да Ресей азаматтығынан бас тартты.