×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

"Ұлттық Банк кейбір министрліктер сияқты нәтижесіз пиармен айналыспайды" – Аймағамбетов

25.01.2025, 18:16
"Ұлттық Банк кейбір министрліктер сияқты нәтижесіз пиармен айналыспайды" – Аймағамбетов
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Телеграм-арнасында Ұлттық Банк кейбір министрліктер сияқты әдемі слайдтар жасап, нақты нәтижесіз пиармен айналыспайтынын айтып, еліміздің басты қаржы институтының халықтың мүддесіне тікелей әсер ететін үш негізгі бастамасын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Ұлттық Банк кейбір министрліктер сияқты әдемі слайдтар жасап, нақты нәтижесіз пиармен айналыспайды. Тіпті өз жетістіктерін көрсетуге де аса мән бермейді. Дегенмен, халықтың мүддесіне тікелей әсер ететін үш негізгі бастамасын атап өткім келеді”, деді Аймағамбетов.

1. Зейнетақы қорындағы қаражаттымызды басқару. 

Жақсы жаңалық: Ұлттық Банк белсенді инвестициялық саясатқа көшті. Соның арқасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқарудан түскен инвестициялық табыс 3,4 трлн теңгені құрап, инфляция деңгейінен екі есе асып, 17,8%-ға жетті.

2. Ұлттық қор табыстары

Тағы бір жақсы жаңалық: 2024 жылы Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 4,5 млрд долларды құрап, табыстылық деңгейі 7,5%-дан асты. Бұл, әрине, инвестициялық көзқарастардың өзгеруі және тым консервативті стратегиялардан бас тарту арқылы мүмкін болды.

3. Алтын резервтері

Бұл бағытта да Ұлттық Банк жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Дамыған елдердің орталық банктері алтын-валюта резервтерін белсенді түрде арттырып жатқанда, Қазақстан да осы үрдісті ұстануда. Ұлттық Банктің валюта және алтын резервтері 45,8 млрд долларға жетіп, 27,4%-ға ұлғайды. Бұл біздің елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтып, экономика үшін қосымша қауіпсіздік жастығын қамтамасыз етеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Аймағамбетов жекеменшік мектептердің басына қара бұлт үйірілгенін айтып дабыл қақты.