×
516.13
538.01
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.13
538.01
5.29

«Орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіреді». Тоқаев қоғам белсенділерін сынады

28.01.2025, 12:24
«Орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіреді». Тоқаев қоғам белсенділерін сынады
ашық дереккөзден

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "қоғам белсендісі санайтын топтар әлеуметтік желіні пайдаланып орынсыз дау көтереді" деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тоқаев Шымкенттің әкімі Сыздықбековтің баяндамасынан кейін өңірлердегі мәселелерге назар аударды.

Заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан былтырдан бастап заңсыз салынған нысандар сүріле бастады. Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеті сынға ұшырп жатыр. Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі бәрі де заңға сәйкес жұмыс істейді. Түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Қазір елімізде өзін қоғам белсендісі санайтын топтар пайда болды. Олар көп жағдайда әлеуметтік желіні пайдаланып, негізі дұрыс, бірақ бәріне бірдей ұнай бермейтін шешімдер туралы орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіруде. Сондықтан даулы шешімдерді халыққа жақсылап түсіндіру керек. Бұл мәселе бүкіл аймаққа қатысты. Кез келген жұмыс ашық әрі түсінікті болғаны жөн, – дейді ол.