×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

Өзбекстан Еуропаға Ресей мен Беларусьті айналып ұша бастады

Өзбекстан Еуропаға Ресей мен Беларусьті айналып ұша бастады
Pixabay

Өзбекстандық әуе компаниясы Ресей мен Беларусьті айналып Еуропаға ұша бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Uzbekistan Airways Ресей мен Беларусьтің әуе кеңістігін айналып өтіп, Еуропаға рейстерді жүзеге асыра бастады.

Uzbekistan Airways қауіпсіздік мақсатында Еуропаға барлық рейстерін Ресей мен Беларусь арқылы емес, оңтүстік бағытпен – Әзербайжан мен Түркия арқылы жүзеге асыруды бастады, деп жазады Азаттық радиосы.

Әуе компаниясының ұшу бағыты 20 қаңтардан бастап өзгерді.

Жергілікті журналистердің әуе бағытының өзгеруі Ресейдің әуе қорғаныс жүйесінің әрекетінің салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін деген болжам жасалған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің апатымен байланысты ма деген сұрағына, Uzbekistan Airways баспасөз қызметі: «Бұл жай ғана сақтық шаралары және белгілі бір деңгейде маршруттарды оңтайландыру үшін жасалды», – деп жауап берді.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.