Алматыда ұрлық жасағаны үшін қамауда отырған адам тергеу изоляторынан қашып кетпек болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қамаудағы адамның тергеу изоляторынан қашпақ болғанын хабарлады.
- Қолданылған шаралардың нәтижесінде оны қамауға алды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу басталды, деп түсіндірді комитеттің баспасөз қызметі өкілдері.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, былтыр 21 қазан күні Талғарда изолятордан зорлау бабы бойынша күдікке ілінген азамат қашып кетіп, араға бірнеше күн салып бір-ақ ұсталған.