×
516.85
537.68
5.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.85
537.68
5.26

30 қаңтар: қай жолдар ашылып, қайсысы жабылды

30 қаңтар: қай жолдар ашылып, қайсысы жабылды
фото: ТЖМ

ҚазАвтоЖол өкілдері бүгін Қазақстанда қай жолдар ашылып, қайсысы жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАБЫҚ ЖОЛ

ШҚО-да көлік қозғалысы шектелді. Облыста 30 қаңтарда сағат 09:00-де қар көшкінінің профилактикалық түсуімен байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 420-450 шақырымы аралығында (Берел ауылынан Рахман қайнары шипажайына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 30 қантарда сағат 17:00-де жолды ашу жоспарланған. 

АШЫҚ ЖОЛДАР

30 қаңтарда сағат 07:00-де Қостанай облысында "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-339 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

Сонымен қатар, 30 қаңтарда сағат 09:00-де келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылады:

  • Ұлытау облысында "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 433-788 шақырым аралығындағы учаскеде (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін ); 
  • Қарағанды облысында "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскеде (Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін).

АУА РАЙЫ

Еске салайық, синоптиктер 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.