Сирияның жаңа билігі Башар Асад биліктен тайғаннан кейін Ресейдің ресми делегациясымен өткен алғашқы келіссөздерде “өтемақы” мен “кеткен қателіктерді түзету” мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы Сирия БАҚ-тары мен халықаралық агенттіктер Дамаскідегі келіссөздердің қорытындысы бойынша жарияланған үкіметтік мәлімдемеге сүйеніп хабарлады.
- Диалог барысында Ресейдің өтемақы, қайта құру және қалпына келтіру сияқты нақты шаралар арқылы Сирия халқы арасындағы сенімді қалпына келтірудегі рөлі ерекше атап өтілді. Жаңа үкімет сондай-ақ қарым-қатынастарды қалпына келтіруде бұрынғы қателіктерге назар аудару қажет екенін атап өтті, – делінген құжатта.
Сондай-ақ, Ресей қолдайтын Асад режимінің құрбандары үшін «әділдік» қажет екені айтылды.
УАҚЫТША ПРЕЗИДЕНТ
Еске салайық, бұған дейін Сирияның қазіргі көшбасшысы әрі "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) тобының басшысы Ахмет әл-Шара ресми түрде өтпелі кезеңде ел президенті болып тағайындалған еді.
ӘЛ-ШАРА БИЛІКТЕ
Сириядағы билікті басып алған "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) исламистік тобының жетекшісі әрі уақытша үкіметтің басшысы Ахмет әл-Шара, сондай-ақ Мұхаммед әл-Джулани осы елдің президенті деп жарияланды.
Ол мемлекетті "өтпелі кезең үкіметі" кезінде басқарады, деп хабарлайды "Әл-Арабия" телеарнасы және басқа да Таяу Шығыс БАҚ.
Әл-Шара Сирияның атынан шетелде сөз сөйлейді.
Сирия президенті міндетін атқарып, халықаралық форумдарға шығады. Ахмед әл-Шара өтпелі кезеңде ел президенті қызметіне кірісетіні туралы хабарлаймыз, - деген Сирияның әскери операциялар басқармасының хабарламасын ТАСС-қа келтіреді.
Әл-Шараның айтуынша, "өтпелі кезеңнен" кейін сайлау өткізіліп, Сирияның тұрақты үкіметі құрылады. "Өтпелі кезеңнің" қанша уақытқа созылатыны белгісіз.