×
519.28
540.05
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.28
540.05
5.31

«Ойланбай әрекет етпеуді сұраймын»: Балаева желі әкімшілері мен қолданушыларына үндеу жасады

Бүгін, 08:26
«Ойланбай әрекет етпеуді сұраймын»: Балаева желі әкімшілері мен қолданушыларына үндеу жасады
facebook.com/aqparatqogam

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желі арқылы желілік ресурстардың әкімшілері мен әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Аида Балаева қазір интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқыланып жатқанын, мониториң онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралатынын жазады.

Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын. Әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұраймын, – деп жазды ол.

СТАТИСТИКА ЖАЙЛЫ

Министр миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін атап өтеді. Дегенмен, желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс деп есептейді. Мынадай статистиканы келтіреді: 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Қазақстан интернет сегментінде анықталған заңға қайшы контент көлемі екі есе өсіп, 116 354 материалға жеткен. Ең көп таралған заңбұзушылықтар қатарында – терроризмді, діни экстремизмді және есірткі құралдарын насихаттау, онлайн-казино мен қаржы пирамидаларын жарнамалау бар. Былтыр онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылған.

Достар, кез келген мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты факторлар – ауызбіршілік пен ынтымақ. Сондықтан бәріміз мемлекет басшысы атап өткендей, нағыз құқықтық мемлекет қалыптастырудың басты кілті саналатын заң мен тәртіп қағидатын берік ұстануымыз қажет, – дейді Балаева.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

Осы аптада үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "қоғам белсендісі санайтын топтар әлеуметтік желіні пайдаланып орынсыз дау көтереді" деп мәлімдеген еді.  Тоқаев интернетте арандатар ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды заңмен бекітуді ойластыру керектігін айтқан. Президент қоғамда мемлекеттің азаматтарды кибералаяқтардан қорғау үшін қабылдап жатқан шаралары нәтижесіз деген қасаң пікір қалыптасып келе жатыр дейді.