×
519.28
540.05
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.28
540.05
5.31

Қазақстанда бір айдың ішінде қос азаматтықпен жүрген 91 адам ұсталды

Қазақстанда бір айдың ішінде қос азаматтықпен жүрген 91 адам ұсталды
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 91 адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

91 ФАКТ

2025 жылдың басынан ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады.

Ұсталғандар ісі қарау үшін полиция органдарына берілді.

2024 ЖЫЛ

Айта кету керек, 2024 жылы мемлекеттік шекарада 1190 қос азаматтық фактісі анықталды.

Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі – жақын шетел азаматтары.

ҰҚК ЕСКЕРТУІ

ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады. Бұдан өзге, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болып саналады.