×
519.28
540.05
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.28
540.05
5.31

“Оқушы ұлға жабысқан”: әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

“Оқушы ұлға жабысқан”: әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді
Ашық дереккөзден

Алматыда полицейлер 17 жастағы баланың арызына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Әуелі бұл туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков таратқан. Оның сөзінше, күдікті ер адам - белгілі әнші Алмас Кішкенбаев. Алматының полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Кеше тәртіп сақшыларына ер адамнан арыз түскен. Оның сөзінше, кәмелетке толмаған ұлы арасында курьер болып жұмыс істеп, ақша тауып жүрген. 

2007 жылғы бала кешкі тоғыз шамасында үш бөтелке сыраны жеткізу туралы тапсырыс алған. Ол дүкенге кіріп, сыраны алып, тапсырыс берген адамға апарып берген. Артынша түсініксіз нәрселер бола бастаған. 

17 жастағы баланың сөзінше, сыраға 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Тапсырыс беруші алкогольді алып, артынша курьерге бірге отырып ішуді ұсынған. Одан бөлек, ер адам кәмелетке томаған баланың интимдік жерлерінен ұстамақ болған. Курьер бірден өз үйіне кетіп қалып, бәрін әкесіне айтып берген. Ал әкесі бұл жайт туралы полицейлерге хабарлаған. Полицейлер тексеріс жүргізу үшін пәтерге барып, тапсырыс берген адамды бөлімшеге алып кеткен. Күдіктінің аты – Алмас Кішкенбаев, дейді Михаил Козачков телеграм арнасында

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Оқиғаның мән-жайын Ulysmedia.kz тілшісі полициядан сұрап білді. 

Әкесінің кәмелетке толмаған ұлына жабысқаны туралы бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді, – дейді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Ulysmedia.kz тілшісі қоңырау шалғанымен, әншінің ұялы телефоны өшіп жатты.