×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

"Дикий Арман" түрмеде өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Бүгін, 14:29
"Дикий Арман" түрмеде өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Ulysmedia коллажы

Қаңтар оқиғасы бойынша сотталған Арман Жұмагелдиев Қостанай түрмесінде өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан. Оған медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түрмедегі бұл оқыс жағдай алдымен әлеуметтік желіде тарады. Яғни 20 жылға сотталған "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев тамырын кескен деген ақпарат желдей есті.  

Артынша ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйсінің комитеті түсініктеме берді.

"Аталған сотталушы өзіне аздаған дене жарақаттарын келтірді. Медициналық көмек бірден көрсетілді. Сотталушының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде", деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев айырықша бақылауда екені, оны мекеме психологтары қарауға алғаны нақтыланады.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, “Дикий Арман” лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлағанбыз. 

СОТ ҮКІМІ

Еске салайық, 27 қаңтарда Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты басты істердің бірі бойынша сот үкімі шықты. "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған, Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықты. Ол сот үкімімен бірнеше бап бойынша ол 7 жылға сотталды.

ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды. Құдайберген 2022 жылдың сәуір айында ұсталды. Ол жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, сондай-ақ Жұмагелдиевпен байланыста болды деген күдікке ілінген. Оған мемлекеттен берілген марапаттар қайтарылды.

РУСЛАН ЫСҚАҚОВ: 15,6 ЖЫЛ

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа да үкім шықты. Ысқақов бұрын сотта Қаңтар оқиғасы кезінде оған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.

ДИКИЙ АРМАН

Дикий Арман лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды. Жұмагелдиевке Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған болатын. Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау аяқталған.