×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Бүгін – Ұлттық басылым күні

Бүгін, 10:04
Бүгін – Ұлттық басылым күні
Gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі. Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді”, делінген президенттің құттықтауында.

Сондай-ақ Тоқаев елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткенін, аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келе жатқанын атап өткен.

“Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр. Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін”, деді Тоқаев өз құттықтауында. 

Еске сала кетсек, осыдан екі жыл бұрын 2 ақпан елімізде Ұлттық басылым күні болып бекітілгені. Барша газет-журналдың кəсіби мерекесі ретінде бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақ баспасөзінің тарихына көз жүгіртсек, 1913 жылдың 2 ақпанында Ахмет, Əлихан, Міржақып бастаған ұлт зиялыларының ұйытқы болуымен, дəулетті азаматтардың демеушілігімен қазақтың тұңғыш ұлттық қоғамдық-саяси жəне əдеби-мəдени басылымы «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрген.

Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің мəліметіне сүйенсек, бүгінде елімізде 4 802 БАҚ тіркелген екен (4 499 – отандық, 303 – шетелд ік). Солардың ішіндегі 2 981-і, яғни жартысынан астамы – мерзімді басылым. Оның ішіндегі 1 922-сі – газет, 1 059-ы – журнал.