×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

«Балаларыңызды аман алып қала алмадық»: қорғаныс министрі қаза тапқан сарбаздардың жақындарынан кешірім сұрады

Бүгін, 09:00
«Балаларыңызды аман алып қала алмадық»: қорғаныс министрі қаза тапқан сарбаздардың жақындарынан кешірім сұрады
Видео кадры

Әлеуметтік желіде қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарынан кешірім сұраған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстарына қарата сөйлеген министр басын иіп, кешірім сұрады.

- Бұл  – тек сіздердің емес, бүкіл қазақ халқының қайғысы. Бізді кешіріңіздер. Балаларыңызды аман алып қала алмадық, - деді Қосанов.

Ол қаза тапқан әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, әскери антына адал болғанын атап өтті. Министрдің айтуынша, марқұмдар мемлекеттік наградаларға ұсынылады.

Дәурен Қосанов қайғылы жағдайға кінәлілер анықталып, заң аясында жауапқа тартылатынын айтты. Ол Президенттің тапсырмасымен оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтайтын Үкіметтік комиссия құрылғанын еске салды.

- Бүкіл халқымыз сіздермен бірге қайғырып отыр. Болған жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заң алдында жауап береді. Сіздерге жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі. Бұл мәселені жеке бақылауымда ұстаймын. Қайғыларыңызға ортақпын. Осындай ауыр сәтте отбасыларыңызға сабыр мен күш-қуат тілеймін, - деді ол.

Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде болған. Жел күшейіп, 17 әскери қызметші теңізге ағып кеткен. Олардың үшеуі аман қалды, 14 әскери қызметші қаза тапты.