Әзербайжан дзюдошы Хидаят Гейдаров Халықаралық дзюдо федерациясының нұсқасы бойынша "Жылдың үздік дзюдошысы" атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ГЕЙДАРОВ НЕ ДЕЙДІ
Хидаят Гейдаров марапатқа қатты қуанатынын жеткізген.
Марапатқа ие болғаныма шын қуанып тұрмын. Бұл менің емес, бүкіл әзербайжан халқының жеңісі. Менің артымда үлкен команда тұр. Әзербайжан дзюдо федерациясына, отбасыма және мені қолдайтындардың бәріне алғыс айтқым келеді, - дейді ол.
Айта кетейік, 2024 жылы Х. Гейдаров 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада, әлем және Еуропа чемпионы атанған.
СМЕТОВ ҮМІТКЕР ЕДІ
Парижде халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы маусымды қорытындылап, «IJF Judo Awards 2024» номинациясымен жылдың үздіктерін марапаттаған еді. «IJF Judo Awards 2024» жүлдесіне 8 аталым бойынша 63 кандидат ұсынылған. Елдос Сметов тізімде болмай шықты. Оның алдында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов “Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы” (Male Judoka of the Year) марапатына үміткер екені хабарланған еді.