×
$
441.91
€
499.05
₽
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.91
€
499.05
₽
5.3

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарында ел қоржынына алтын медаль салды

Бүгін, 15:04
Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарында ел қоржынына алтын медаль салды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың финалында өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Айбек 3:2 есебімен басым түсті. Екінші үшминуттықта төрешілердің барлығы жеңісті Айбекке берді. Оған қоса, өзбекстандық боксшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Айбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша ұлттық құрама капитаны Қазақстанға екінші алтын медальді сыйлады.

Бұған дейін

Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын алған еді.