Қазақстандағы инфляция 2025 жылғы қаңтарда үдеп, бір жылда 8,9% (2024 жылғы желтоқсанда – 8,6%), бір айда – 1,1% болды (өткен айда – 0,9%), деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАҒА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ
Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,8%, азық-түлік емес тауарларға – 8,4%, азық-түлік тауарларға – 5,8% өсті.
Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда тарифтер суық суға – 43,2%, су бұруға – 26,1%, орталықтан жылытуға – 23,1%, ыстық суға – 21,3%, электр энергиясына – 18,9%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 12%, қоқыс шығаруға 10,3% өсті.
ҚЫЗМЕТ
Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 26%, байланыс қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 11,9%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 11,4%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 10,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,3%, жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 18,6%, қалалық автобуспен – 10,5%, жолаушылар әуе көлігімен 7,2% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 15,3% өсті.
ТАУАРЛАР
Баға деңгейі дыбыс-бейне шолу жабдығына – 41,5%, зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 24,9%, отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдерге – 22,9%, киім және аяқ киімге – 10,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10,3%, фармацевтикалық өнімдерге 8,6% өсті. Ағаш – 15,4%, сұйытылған газ баллондағы – 10,2%, тас көмір 8,6% қымбаттады.
АЗЫҚ-ТҮЛІК
Бағаның өсуі картопқа – 59,3%, басты пиязға – 25,1%, минералды және ауыз суға – 16,7%, темекі өнімдеріне – 14,6%, кондитерлік өнімдерге – 13,3%, сары майға – 13%, салқындатылған сусындарға – 12,3%, қайта өңделген және консервіленген балыққа – 11,9%, жеміс және көкөніс шырындарға 11% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,6%, сәбізге 5,3% байқалды.
ӨҢІРЛЕР
Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы қаңтарда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын он екі өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары – Астана қаласында (11,2%), Қарағанды (9,9%), Батыс Қазақстан (9,7%), Солтүстік Қазақстан (9,6%) облыстарында.
ДИНАМИКА
Жыл ішінде жемістер мен көкөністер бағасы – 8,8%, ет және ет өнімдері 4,2% өсіп, инфляцияға 0,5 пайыздық тармақтан өсуіне негізгі үлес қосты. Сүт өнімдері бағасының 6,3% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармаққа, май және тоң май (8,8%), алкоголсіз сусындар (8,5%), нан өнімдері мен жармалар (3,3%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.
ТКШ қызметтері бір жылда 15,2% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,7 пайыздық тармақты құрады. 2025 жылғы қаңтарда өткен жылы қаңтармен салыстырғанда тұрғын үйді жалға беру тарифтері 15,3% өсіп және жылдық инфляцияға 0,6 пайыздық тармаққа, суық суға (43,2%), орталықтан жылытуға (23,1%), электр энергиясына (18,9%), тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге тарифтері (5,8%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.