×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

«Тик-ток үшін түсіріп едім»: «4 әйелі бар бас имам жайлы» видео салған адам кешірім сұрады

Бүгін, 13:29
«Тик-ток үшін түсіріп едім»: «4 әйелі бар бас имам жайлы» видео салған адам кешірім сұрады
Ulysmedia коллажы

Белгісіз ер адам әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. Оның видеосын ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕШІРІМ СҰРАУ

Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Ол видеоны мен бір арам оймен, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, тик токқа салу үшін түсірген едім. Сол үшін бүкіл Қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан кешірім сұраймын. Сол түсірген үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де әкемін. Үш баланың әкесімін. Жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырлардан кешірім сұраймын. Сондай бір жаман ой болған жоқ. Шу болып кетеді деп ойламадым. Арам ой менде болған жоқ, – дейді ол адам.

ЖЕЛІДЕ ТАРАҒАН ВИДЕО

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның зәулім үйді көрсетіп, онда Астана қаласының бас имамы тұратынын баян еткені қызу талқыланған. Әлгі азамат видеоны желіге салып жіберген. Расталмаған ақпарат әлеуметтік желіде көп әңгімеге арқау болды.

Мынаны мен басында мешіт екен деп қалдым. Сөйтсем бұл Астананың бас имамының үйі екен. Мешіт сияқты дәу ғой сұмдық. Ал енді садақа жіберіңдер. Жұма сайын салған садақаларың міне қайда кетіп жатыр. Сұмдық қой мынау. Не деген сарай мынау. Төрт әйелі бар екен. Поворын алып келдім. Сендердің садақаларыңмен жалақасын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды? Аумағын көрсең бір га жерді қоршап алған ғой, – дейді видеоны түсірген адам.

АҚПАРАТ ЖАЛҒАН

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әлеуметтік желіде бұл үйде өзі тұратынын жоққа шығарған еді.

ҮЙДІҢ ШЫН ИЕСІ КІМ

ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде түнде тағы бір видео жариялап, үйдің шын иесімін деген адамды көрсетті.

Мен Нұрлан Лесбекұлы! Кейінгі кезде осы үй әлеуметтік желіде бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Ол жалған ақпарат. Бұл менің үйім. Мен осы үйде 15 жылдан бері тұрамын. Осы салып, өзім кіргенмін, – дейді видеодағы адам.

Оның ізін ала Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов жалаға, жалған ақпаратқа нүкте қоюға тура келіп тұрғанын айтты. Оның сөзінше, бабадан қалған асыл сөздер, құндылықтар аяқ асты болып жатқанын атап өтеді.