×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

Қамауға алынған Әсем Жәпішева бостандыққа шықты

Қамауға алынған Әсем Жәпішева бостандыққа шықты
Фото: Oyan, Qazaqstan

Сатиралық парақшаның авторы Темірлан Еңсебекті қолдап, пикетке шыққаны үшін қамауға алынған Әсем Жәпішева бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Oyan, Qazaqstan өкілдері хабарлады. 

- Әсем Жапишева бостандыққа шықты. Оны @qaznews_24 сатиралық медиасының авторы Темірлан Еңсебекті қолдау пикеті үшін 15 тәулікке қамауға алған еді. Әсем оны 15 күн бойы азық-түлікпен, хаттармен қолдағандардың бәріне алғысын жеткізеді, делінген жазбада. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, журналист Әсем Жәпішева 20 қаңтарда 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Жәпішева сол күні пикетке шыққан болатын. 

Белсенді Әсем Жәпішеваның пикеті үш минутқа созылды.

- Алдымен оған әкімдік қызметкері келді, бірақ ол жалғыз адамдық пикетін жалғастыра берді. Кейін полиция келді. Пикет үш минутқа созылды, – деп хабарлады Ulysmedia тілшісі оқиға орнынан.

ТЕМІРЛАНДЫ ҚОЛДАҒАНДАР

Барлығы Темірланды қолдауға Қазақстанның бірнеше қалаларында акция мен пикеттерге шыққан адам саны 10-ға жетті:
- Руслан Бикетов, Алматы
- Әсем Жапишева, Алматы
- Сергей Зинченко, Қостанай
- Ақмарал Жәкібай, Алматы
- Мұсағали Дауылов, Ақтөбе
- Марат Мұсабаев, Астана
- Ақторғын Ақкенжебаласы, Алматы
- Эльвира Бекзадина, Астана
- Елдос Досантегі, Семей
- Гүлбақыт Өтебай, Алматы

ТЕМІРЛАН ТУРАЛЫ

18 қаңтарда QazNews24 сатирикалық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек 2 айға қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiниалауыздықты қоздыру» бойынша айып тағылды.