×
$
444.88
513.26
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.88
513.26
5.28

«Қазақмыста» жұмыс істеген Мұрат Бөрібаев Жезқазған әкімі болды

Бүгін, 10:55
«Қазақмыста» жұмыс істеген Мұрат Бөрібаев Жезқазған әкімі болды
Ұлытау облысы әкімдігі

Жезқазған қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Қаланы бұған дейін көршілес Сәтбаев қаласын басқарған Мұрат Бөрібаев басқаратын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа әкім кім болды

Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихатпен келісілді. 17 қыркүйекте Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жаңа әкімді қала активіне таныстырды.

Бұл қызметте Бөрібаев 2022 жылғы маусымнан бері Жезқазғанды басқарған Қайрат Шайжановты алмастырды. Шайжанов бүгін қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бөрібаев туралы не белгілі

Мұрат Бөрібаев 35 жаста. Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын өндіріс саласында бастаған. 2011 жылы Бөрібаев «Нұрқазған» байыту фабрикасына 3-разрядты флотатор болып жұмысқа орналасқан.

Кейін инженерлік және басшылық қызметтерді атқарды. 2011-2012 жылдары әкімшілік корпустың іс жүргізушісі, кейін бақылау цехының шебері болды. 2012–2013 жылдары байыту фабрикасы бас корпусының цех бастығы қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары Орлов кенішінің байыту фабрикасының бас инженері, 2014-2015 жылдары Жезқазған байыту фабрикалары №1, №2 және №3 бас корпусының №2 цехының басшысы болды.

2015-2017 жылдары «Нұрқазған» фабрикасын басқарды. Ал 2017-2024 жылдары Жезқазған байыту фабрикалары №1, №2 және №3 директоры қызметін атқарды.

Бөрібаев мемлекеттік басқару саласына 2024 жылдың жазында ауысты. Сол жылдың шілдесінде Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалды.

Енді 35 жастағы шенеунік Ұлытау облысындағы ең ірі қалалардың бірі Жезқазғанды басқарады.